Ұлттық бірегейлікті сақтап, мәдениетті дамытуда салт-дәстүрдің маңызы зор. Рухани құндылығымызға айналған салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табуы, ұлт дамуының негізі екенін айтады.
Осыған орай, Қордай ауданы, Қаракемер ауылы «Қаракемер 2» мешітінің молдасы Данияр Таубалдының бастауымен мешітте спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды. Арқан тарту, қол күрес, ләңгі тебу, кір тасын көтеру сынды ойын түрлерінен мешіт жамағаты күш сынасты. Мешіт имамы қатысушыларға рахметін айтып, жеңімпаздарға сыйақысын тарту етті.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі