Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы меірімді жүрегің мен тезе ниетің болса жеткілікті. Дана халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»,- деп бекерден-бекер айтпаған.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Алмұханбетаранжан мен жақсылыққа жаны құмар азаматтардың бастауымен алпыс отбасыға көмек көрсетілді. Мешіт наиб имамы Жалғас Нұрберді тұрмысы төмен отбасыларды үйме-үй аралап, азық түліктерін табыстады. Аудан тұрғындары өздерінің ыстық ықыластырын білдіріп, алғыстарын айтты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі