«ЖАН САДАҚАСЫ» – ПІТІРДІ БЕРУ МІНДЕТ!

«ЖАН САДАҚАСЫ» – ПІТІРДІ БЕРУ МІНДЕТ!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Барша мұсылман жұртшылығы асыға күтетін айлардың ішіндегі сұлтаны қасиетті Рамазан айы. Әр мұсылман үшін үлкен қуаныш, зор бақыт, себебі, бұл қасиетті ай – ізгіліктің, кешірімнің, рухани тәрбиенің, мейірімнің айы. Қасиетті Құран алғаш Рамазан айында түсірілгендіктен, Рамазан айы мейірім айы саналады. Қасиетті айда адамдарға мейірімділік танытып қарым-қатынас жасағанда көркем мінезді болу, қателіктерін кешіре білу, жомарттық жасап, мұқтаж жандарға көмектесу, садақа беру, өзге Ораза ұстаушыларға ауыз ашар беру сынды ізгі істер жасау сауабы мол істерге жатады.

Ханафи мазһабы бойынша Рамазан айында мұсылман адам өзі және отбасы үшін пітір садақасын беруі – уәжіп амал. Пітір садақасы – оразаның қате кемшіліктерін толтыратын, Құдайға шүкіршілік ету үшін жылына бір рет берілетін «жан садақасы».

         Рамазан айында пітір садақасын беру – ауқатты мұсылманның міндеті. Ал тұрмысы нашар, яғни артық мал-мүлкі нисап мөлшеріне жетпеген кісі пітір садақасын беруге міндетті емес, сауап үшін беріп жатса өз еркі.

Пітір садақасының берілетін уақыты

Пітір садақасы Рамазан айы кіргеннен бастап, Ораза айт намазына дейін беріледі.

Кімдерге берілуі тиіс?

         Құран Кәрімнің "Тәубе" сүресінің 60-аятында айтылған зекет берілетін 8 топтың кез келгеніне пітір садақасын да беруге болады. Олар:

Жағдайы жоқ жандарға,

Ештеңесі жоқ міскінге,

Зекет жинауға тағайындалған белгілі адамдарға,

Қарызға батқандарға,

Алла жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға,

Қаржылары бітіп жолда қалған жолаушыларға берсе құба-құп.

2024 жылдық Пітір садақа : 2 келі ұнның орталама бағасы – 640 теңге болып бекітілген. Садақаларыңыз қабыл болсын ағайын!

Құрметті ағайын, жаратушымыз қасиетті Рамазан айындағы ізгі амалдарымызды шынайы ықыласпен, көркем түрде орындауымызды жазып, ұстаған оразамызды, оқып жатқан тарауих намазымызды, берген Зекет-садақаларымызды қабыл етіп, келесі жылдың Рамазан шәріп айына басымызға бас қосылып, жанымызға жан қосылып аман есен қуанышпен жетуімізді Алла баршамызға нәсіп етсін!

Алашбаев Досмырза

Жамбыл облысы Байзақ ауданы

Диқан ауылдық «Диқан» мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active