ЗЕКЕТ

ЗЕКЕТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Арабшадағы «Зекет» сөзінің тілдік мағнасы – «тазару, өсу, көбею және береке» деген мағынаны білдіреді. Дүние-мүлікті арттыратындықтан «ЗЕКЕТ» деп атаған. Діни термин ретінде «Зекет – белгілі бір дүние-мүліктің, белгілі бір мөлшерін Құранда көрсетілген топтағы адамдарға беру». Ислам дінінің негізгі бес тіректерінің бірі болған зекет, жоғарыда айтып өткеніміздей, белгілі бір нисап мөлшеріне ие болған дәулетті мұсылмандар Алла Тағаланың әмірі бойынша зекет беруге міндетті. Бұл мөлшерлер яғни нисап мөлшері, дүние-мүлік болып есептеледі. Зекеттің мөлшері әртүрлі өнімдерге байланысты, әртүрлі айырмашылықтары бар. Мысалы: Қаржылай жиналған ақшада 1/40, жер өнімдерінен алынатын зекет (үшір) 1/10 немесе 1/20. Ислам дінінде, иесіне табыс әкелетін барлық мал-мүліктен зекет беруді міндеттейді. Осылайша қоғамда әлеуметтік қамтамасыздандырудың жүйесін құрады.

Мұсылман қоғамында «ЗЕКЕТ» берілген жағдайда, адамның көмегіне мұқтаж болған барлық адамдырдың қажеттерін қамтамасыз ете алады. Зекет мұқтаж адамдарға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамда орындалуы қажет болған көптеген қызметтерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, зекет-садақа қоғамда жасалуы керек болған бірнеше қызметтердің алға басуына мүмкіндік беруші күш десек те болады.

Исламның бес парызының бірі болып табылатын зекет діни негіздер тұрғысынан бай деп саналатын әрбір мұсылман үшін – парыз. Зекетін жыл сайын бермейтін адам мен адамдардан бопсалап дүние жинайтын және алдап пайда тауып, байлығын көбейтетін адамдардың айырмашылығы жоқ.

Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктерден туындаған проблемаларға зекет бермейтіндер де белгігі деңгейде жауапты болып саналады. Алла Тағала бұл мәселеге қатысты: "Егер олар тәубеге келіп, намаздарын оқып, зекеттерін өтесе, онда олардың сендермен дін бауырлас болғаны" (Тәубе, 11). Тағы бір аятта: "Егер олар тәубеге келіп, намаз оқып, зекет берсе, оларды өз жолына қоя беріңдер"(Тәубе, 5). Яғни зекетін берген мұсылманға шариғат алдында жүзі ақ. Ислам діні адам құқықтары мен әділеттілік принциптеріне баса назар аударады. Әсіресе, қоғамда тынышсыздыққа жол ашатын барлық іс-әрекеттерге қаттаң тыйым салады. Зекетін беріп, басқа да өз міндететтерін орындаған пенделер, Алла Тағаланың құзырында да, адамдардың көзқарасы бойынша да жақсы адамдар болып есептеледі. Зекетін бермейтіндер діни тұрғыда қоғам алдында жауапты болып табылады. Мұндай адамдар Алланың ризалығына қауыша алмайды.

Зекеттің жеке тұлға үшін де, қоғам үшін де көптеген пайдалары бар. Төменде осы пайдаларға аздап тоқталайық:

1. Зекеттің ең маңызды мақсаттарының бірі – қаржының жойылуына болуына жол бермеу. Зекет – адамдарды жоқшылықтан құтқарып, оларды инвестициялауға шақырады.

2. Зекет дүние-мүлкіңізді берекетті қылады. Зекет мал-мұлкіңіздің көбеюі және берекелі болуына жол ашады. Жеміс ағаштарының бұтақтары аз болғанымен жемісі көп болғаны сияқты, зекет арқылы Алла мал-мүлкіңізді берекелі етпек. Арам шөптер жайқалып өскенімен жеміс бермейді. Ал, жеміс ағаштардың бұтағы сирек болғанымен, жемісі берекелі көп болып өседі. Осыған байланысты Алла Тағала бір аятта былай деп бұйырады: «Алла өсімқорлықты қор қылады, зекет бергендердің мал-мүлкін өсіреді» (Бақара, 276). Зекет беру арқылы кедейлердің де өздеріне қажетті заттарын сатып алуға қаражаты болады. Өзіне керегін сатып алушылардың қатарына кіреді. Сондықтан өнім шығаратын меншік иелерінің тауарларын тұтынуларына да септігін тигізеді.

3. Зекет сараңдықты жояды және қоғам мүшелерін жомарттыққа тәрбиелейді. Зекет беру арқылы сараңдықтың азаяды. Зекет берушілердің жақсылыққа қол созғанын көруіміз – ең үлкен жақсылықтың дәлелі. Жаратушы Алла Тағала осыған байланысты былай деп бұйырады: "Нәпсінің сараңдығынан сақтанғандар, міне солар құтылушылар" (Тағабун, 16). Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): Сараңдықтан, дүниеқұмарлықтан сақтаныңдар! Өйткені, сендерден бұрынғы қауымдардың түбіне сараңдық жеткен. Сараңдық адамдардың қан төгуіне апарған. Әрі тағы бір дерек көзінде сараңдық адамдарды азғындыққа бұйырған, адамдар азғындыққа ұшыраған. Үйленуге болмайтындармен жақындасуды адал санауға шақырған. Адамдарды туыстық қарым-қатынасты үзуге бұйырған, нәтижеде сол кездегі халытар туыстық қарым-қатынасты үзуге дейін барған. Сараңдық жайылған қоғамда үнемі қиындықтар кезігеді. Алла тағала бұл мәселеге қатысты бір аятта былай дейді: "Кім сараңдық жасап, өздерін Аллаға мұқтаж емеспіз, деп (Алланың сауабын қажетсінбесе), жақсылықтарды жоққа шығарғандардың жолын ауырлатамыз" (әл-Ләйл, 8). Сараңдардың зұлым тағдыры туралы Алла тағала былай дейді: "Алланың өз қазынасынан берген байлығын сараңдықпен жұмсағандар, сараңдық жақсы екен деп есептемесін. Қайта бұл оларға зиянды. Олардың сараңдық еткен нәрселері қиямет күні мойындарына оратылады" (Әл-Имран, 180).

4. Зекет адамды қайырымдылыққа жетелейді. Адамның қайырымды болуы үшін ол өзінің ең сүйікті мүлкін құрбан етуі керек. Шындығында, адамға өзі бағаламайтын мүлікті беру қайырымдылық емес. Нағыз қайырымдылық – бұл адамның өзінің ең сүйікті мүлкінен жұмсауы. Бұл туралы біздің құдіретті Иеміз былай дейді: "Жақсы көрген нәрселеріңді (Алла жолында) жұмсамайынша, әсте жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар. Не жұмсасаңдар да Алла оны сөзсіз біліп тұрады" (Әл-Имран, 92).

 Оразбаев Акбар Тоқтосынұлы

Жамбыл облысы Байзақ ауданы

«Қызыл жұлдыз» ауылдық «Бейшен» мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active