ИХСАН – АЛЛА КӨРІП ТҰРҒАНДАЙ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖАСАУ

ИХСАН – АЛЛА КӨРІП ТҰРҒАНДАЙ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖАСАУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дініміздің үш маңызды ұғымы бар: ИСЛАМ, ИМАН және ИХСАН. Ихсан – Исламның ең маңызды қағидаттарының бірі. Құранда осы тақырыпта 66-дан астам аят бар. Іс жүзінде бүкіл Құран ихсанға апарады. Ихсан барлық істердегі кемелдікті, сондай-ақ мейірімді және ізгі әрекеттерді жасауды білдіреді. Ихсанға жетудің бірінші мәртебесі – Ислам, екіншісі – Иман, үшіншісі – Ихсан. Ислам – форма, иман – мән, ихсан – ақиқат болып табылады.

Бір күні Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабалармен отырған кезінде адам бейнесіндегі періште Жебірейіл (ғ.с.) келіп, одан діннің негіздері ислам, иман және ихсан туралы сұрай бастады: Пайғамбарымыз  діннің негіздерінің бірі ИХСАНҒА келгенде: «ИХСАН дегеніміз – Алла көріп тұрғандай құлшылық жасауың, сен Оны көрмесең де, шын мәнінде, Ол сені көріп тұр», – деді. Ихсан – Алланың ұйғарымдарын шын ниетпен, жауапкершілікпен, біз Алланы көріп тұрғандай ықыласпен, яғни Мұхаммед Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жасаған сияқты жасау. Алла бізді көретіні және еститіні, біз Оны көрмесек те, Ол біздің барлық ойымыз бен ниетімізді білетіні және біз әрдайым Оның жіті бақылауында болатынымызға сенуіміз – ихсан болып табылады. Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде «Бақара» сүресінің 112-аятында:

«بَلَىٰ مَنْ أَسْلَمَ وَجْهَهُ للهِ وَهُوَ مُحْسِنٌ فَلَهُ أَجْرُهُ عِندَ رَبِّهِ وَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ»

«Олай емес, кім жүзін Аллаға жөнелтіп, өзі жақсылық (ихсан) істейтін болса, сонда оған Раббысының қасында сыйлық бар, әрі оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды», - деді.

Ал тағы бір аятта  Жаббар иеміз:

» وَاعْبُدُوا اللهَ وَلَا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا ۖ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَبِذِي الْقُرْبَىٰ وَالْيَتَامَىٰ وَالْمَسَاكِينِ وَالْجَارِ ذِي الْقُرْبَىٰ وَالْجَارِ الْجُنُبِ وَالصَّاحِبِ بِالْجَنبِ وَابْنِ السَّبِيلِ وَمَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ ۗ إِنَّ اللهَ لَا يُحِبُّ مَن كَانَ مُخْتَالًا فَخُورًا «

«Алла Тағалаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Әрі әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астыңдағыларға жақсылық (ихсан) қылыңдар. Негізінен Алла, тәкаппар, мақтаншақты жақсы көрмейді».

Қоршаған әлемге – өсімдіктерге, жануарларға, жансыз табиғатқа ұқыпты және қамқорлықпен қарау, әлемді жаратқаны үшін Аллаға үнемі сансыз алғыс айту да ихсанға жатады.

            Жаратушы иеміз: «Алла жолында мал сарып қылыңдар. (Сараң, қорқақ болып,) өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар. Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Алла игілік істеушілерді жақсы көреді» («Бақара» сүресі, 195-аят).

Басқаша айтқанда, ихсан – біз Алланы көргендей шыншылдықпен, жауапкершілікпен, ықыласпен құлшылық етуіміз. Алла көріп тұр, деген шынайы сезімде өмір сүру үшін, Алладан шынайы  қорқыныш қажет, жүректе тақуалық болуы тиіс. Ақыреттегі қорқынышты жағдайларды үнемі есте сақтап, қайтар күнге дайындық жасаумен шұғылдану маңызды. Қасиетті Құранның «Шәмс» сүресінде айтылғандай: «Расында, нәпсісін тазартқан кісі құтылды. Әлдекім оны кірлетсе, қор болды».

Мысалы, Ислам дінінің талабын сақтай отырып, адам намазын оқып, ораза ұстап, зекетін төлеп, қажылығын өтеп және басқа да амалдар жасайды. Бірақ бұл ретте рианың пайда болу қаупі бар. Яғни Алла үшін емес, пайдакүнемдік мақсаттар үшін, құрмет пен даңқ үшін немесе достардың, көршілердің, туысқандардың және таныстарының алдарында ең жақсы болып көріну үшін жасалатын құлшылыққа айналуы мүмкін. Сондықтан, Ихсан алғашқы екеуін – Иман мен Исламды жетілдіріп, жандандыратын діннің үшінші негізі болып табылады. Ихсан – бұл Аллаға өзі ұйғарған түрде табыну, бұл ретте Оның алдындағы барлық міндеттерді сақтай отырып, Оның ұлылығы мен құдіретін біліп, Сені көріп, естіп отырғанын үнемі сезіну. Осылайша, адам қай жерде болғанына қарамастан, адамдардың арасында немесе оңашада – Аллаға бағынуы, яғни Алланың барлық ұйғарымдарын ең жоғары шынайылық деңгейінде орындауы тиіс.

Қорыта айтқанда, «Ихсан – адам баласының рухани тұрғыдан кемелдіктің шыңына әрдайым ұмтылып отыруы»...  Алла ең дұрысын білуші!Біз Алладан бізді ақиқат жолына, иман, ислам және ихсан жолында жүруімізге күш қуат беруін сұраймыз! 

Тілеуқұлов Қанат Тұмарбекұлы,

Байзақ ауданы Бурыл ауылы «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active