"Бірлікүстем" ауылында наурыз мерекесі қарсаңында үлкен қуанышты жағдай болды. Алдағы уақыттарда ауылдан Қонаев ауылы және Төле би бұрылысы арқылы базарға дейін автобус күніне екі мәрте қатынайтын болады.
Қуанышқа ортақтасып аудан, автопарк, әкімшілік өкілдері және ауыл жамағаты қатысты. Шараның салтанатты лентасын қию мәртебесі мешіт молдасы Жетпісбай Әлімбековке берілды. Молда дұға жасап, игі бастамаған жылы лебізін білдірді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі