Наурызнаманың алғашқы мерекесі – «Амал мерекесі – Көрісу күні» болса, екіншісі – Қайырымдылық күні. Яғни, бұл атаулы күн қайырымдылық, мейірімділік пен татулықты насихаттауға арналған. Тереңірек үңілсек, адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі.
"Қайырымдылық күнінде" Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітінде қасиетті жұма күні, Рамазан айының құрметіне мешіт қызметкерлеріне қайырымдылық жасалды. Алла жолында қызмет жасап жүрген кісілерге рамазан сыйы ретінде азық-түлік таратылды. Шараға жалпы 150 000 теңге қаражат жұмсалды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі