Алла Тағаланың бір адамның ризығы мен нығметін өзге кісілерден артық не кем беріп қоюында үлкен хикмет бар. Демек, байдың малында мұқтаждың хақысы бар деген сөз. Дәулетті кісі Алланың берген нығметін Оның разылығы жолында садақа етсе – үлкен сауапқа кенеледі.
Еліміздің кейбір жомарт жігіттері өзінің туып-өскен ауылына бала-бақша, мешіт, көпір, жол, спорт кешенін, т.б. салып беріп, халықтың ықыласына бөленуде. Әрбір азамат елдің игілігі үшін осылайша қолдан келген көмегін көрсетсе біздің қоғам жан-жақты дамиды. Мұндай игіліктерді жиі атқарып жүрген "Бірлікүстем" мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті.
Мешітте бір ірі қара сойылып, мереке қарсаңында 9 отбасыға таратылды. Мешіт молдасы Жетпісбай Әлімбеков шаңырақтарды өзі зиярат етіп, көмекті табыстады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі