Исламда «садақа жария» деген ұғым бар. Қоғамның, халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істерді «садақа жария» дейді. Мешіт, медресе, аурухана тұрғызу, көше, көпір салу, ауызсуы жоқ ауылдарға су тартып, құдық қаздыру, міне, бұлар халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істер. Тіпті, мұсылманның көңілін көтеріп, үміт сыйлау, түк бере алмасақ та, оған жымиып қараудың өзі – сауап. Сауапты көктен іздеп қажеті жоқ. Ол біздің айналамызда. Қамкөңіл жанға көмек қолын созу – ол да қайырлы іс.
Мұндай игілік "Бірлікүстем" мешітінде жасалып, мешіт молдасы Жетпісбай Әлімбековтың ұйытқы болуымен газ саласында жұмыс істейтін бауырларымыздың демеушілігімен 7 отбасыға азық-түлік таратылды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі