Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітінде қасиетті жұма күні Әз-Наурыз мейрамының қарсаңында мешіт ауласында спорттық шаралар өтті. Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисінде атап өткен спорттық ойын "Садақ ату" жарысы өтті.
Сонымен қатар 24 келі гір тасын көтеру, шекер қабын көтеру жарыстары өтті. Көп ішінен оза шыққан жеңімпаздарды Аят қажы Дыбысұлы құттықтап, арнайы сыйлықтар табыстады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі