Рамазан ризық арттыратын ай.

Рамазан ризық арттыратын ай.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрметті Тараздықтар, Сіздерді айлардың Сұлтаны қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын. Ұстаған оразаларыңыз қабыл, ниеттеріңіз кәміл болсын. Алла Тағала адам баласына, тұтас күллі ғаламға түсірген шуағы мен нығметіне ешқандай ақы сұрамайды. Ақыл есі дұрыс болған әрбір мұсылманға жүктеген 5 парыз бар. Сол парыздардың бiрi - осы қасиетті Рамазан айында ораза ұстау. 

 

Құран Кәрiмде: «Рамазан - адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден кiм рамазан айында болса, ораза ұстасын. Кiмде-кiм науқас болып, әйтпесе, жолсапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесiн. Аллаһ сендерге жеңiлдiк болуын қалайды, ауырлық түсiргiсi келмейдi» дейдi (Бақара сүресi, 2/185). Әрбір жұмыр басты пенденің көксейтіні бақыт.

 

 

Ендеше бақытқа қол жеткізу үшін адам жүрегі мен ниеті таза болмай, ештеңеге қол жеткізе алмайды. Ауызда адалмын деп айтатын адамға, амалда көрсету үшін осы парыздар жүктелген, «Амал түзелмей алға басам»,- деген жан болса, ол адамның иман сенімінің қаншалықты екені айтпаса да түсінікті болар? Жаратушының ықыласы түскен, шарапаты мол, өзге он екі айлардан Рамазан айының қадыр қасиеті өзгеше. Қасиеттi Құранның алғашқы аяттары да Алла тарапынан рамазан айында түсiрiле бастаған. Сондықтан, Рамазан айы - Құранның, құлшылық пен тәуба, кешiрiмнiң айы. Бұл айда ораза ұстаған адам Алладан қорқып, тақуалықты арттырып нәпсiсін тiзгiндеп жүрегін тазартады.

 

 

Сол адамнның жүрегінде Жаратушыға деген сүйiспеншiлiктен басқаға орын қалмайды. Бұл айда шайтандар шырмалып, жерге періштелер түседі. Ораза ұстаушының күнәлары кешiрiлiп, сабырлылығы мен кешiрiмдiлiгi артады. Нәпсісін тиып, күн бойы ораза ұстаған адам, ысырапшылыққа бой бермеуді үйренумен қатар, кедей кембағал жандарға қол ұшын беру керектiгiн жүрегiмен сезiне алады. Адамның рухани жан-дүниесін шыңап, тынбай iшiп-жеуін тоқтатып, денсаулығына зор пайда береді. Ораза шыдамдылық пен төзiмдiлiктiң таразысы. Әлемге танымал ғалым, медицина ғылымдарының докторы Алекс Каррел:

 

 

«Белгiлi бiр уақыт аралығында ашығу бауырдағы шекерлердi, терi астындағы май қыртыстарын, бұлшық ет, без, көк бауыр жасушаларындағы (клеткаларындағы) протеиндердiң белсендiлiгiн арттырады. Барлық мүшелер өз құрамы мен жүректiң бiртұтастығын қорғау үшiн жанын сала әрекет етеді. Мiне, осылайша ораза тканьдердi тазалап, өзгертiп отырады» деп жазуы да тегін емес. Қасиетті Құранда «Ораза ұстауға шамасы келмейтiндер бiр жарлының тамағын төлесiн» дейдi (Бақара сүресi, 2/184). Рамазан айында, алкаголь ішімідік ішіп, ұрыс жаңжал шығарып, қасиетті айда харам істермен шұғылданып, нәпсіқорлыққа салынған жанның ақыреті өте ауыр болмақ. Сондықтан дініміз ислам болған қазақ баласының қасиетті айда харамдыққа бармайды. Әр мұсылман баласының жүрегінде иман бар дегенге сенеміз. Рамазан айында ризық-несібе молайып, шаңырақтарыңнан шаттық, құт-береке кетпесін ағайын!

 

 

Данияр Жұмабаев,
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі,
«Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: