Жұма намазына ерте барудың артықшылығы және оны тастаудан қатаң ескерту

Жұма намазына ерте барудың артықшылығы және оны тастаудан қатаң ескерту

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Таъала айтады:

{يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا نُودِي لِلصَّلاةِ مِن يَوْمِ الْجُمُعَةِ فَاسْعَوْا إِلَى ذِكْرِ اللَّهِ وَذَرُوا الْبَيْعَ ذَلِكُمْ خَيْرٌ لَّكُمْ إِن كُنتُمْ تَعْلَمُونَ}

«Ей иман келтіргендер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар және сауданы қойыңдар. Бұл өздерің үшін жақсы, егер білген болсаңдар». (Жұма: 9)

عن أبي هريرة رضي الله عنه أن رسول الله صلى الله عليه وسلم قال: «من اغتسل يوم الجمعة غسل الجنابة (أي مثل غسل الجنابة) ثم راح فكأنما قرب بدنة، ومن راح في الساعة الثانية فكأنما قرب بقرة، ومن راح في الساعة الثالثة فكأنما قرب كبشاً أقرن، ومن راح في الساعة الرابعة فكأنما قرب دجاجة، ومن راح في الساعة الخامسة فكأنما قرب بيضة، فإذا خرج الإمام حضرت الملائكة يستمعون الذكر» متفق عليه

Абу Хурайра (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтады: «Кім жүніп кезінде ғұсыл алғанындай ғұсыл алып, (мешітке) барса, ол бір түйені құрбандыққа шалғанмен тең, ал кім екінші сағатта барса, сиырды құрбандыққа шалғанмен тең, кім үшінші сағатта барса қойды құрбандыққа шалғанмен тең, кім төртінші сағатта барса тауықты құрбандыққа шалғанмен тең ал кім бесінші сағатта барса бір жұмыртқа садақа еткенмен тең болады. Имам ( хұтба айтуға) шыққанда, періштелер (амал кітаптарын жауып) хұтба тыңдайды». (Бухари және Муслим риуаят еткен)

عن ابن عمر رضي الله عنه أنه سمع رسول الله صلى الله عليه وسلم يقول: «لينتهين أقوام عن ودعهم الجمعات (أي تركها) أو ليختمن الله على قلوبهم ثم ليكونن من الغافلين» أخرجه مسلم

Ибн Омар (Алла оған разы болсын) Алланың елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Адамдар жұма намазын тастауларын доғарады не Алла олардың жүректеріне мөр басады, сөйтіп олар мүлде хабарсыз болады”. (Муслим)

Хадистің шархы:

Жұма намазының сүннетінен, әдептерінен бірі, жұма намазына асығу. Алла Таъала жұма намазына шақырылған азанды естіген кезде оған асығуға бұйырды және ерте барған адамдар үшін орасан зор сауаптар дайындады. Жұма намазына кешігіп баруды әдетке айнылдыру бара-бара оны тастауға апарып соқтыруы мүмкін. Сондықтан Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жұма намазын қалдырғанның жазасын айтып, одан қатаң ескерткен. Оның жазасы – жүрекке мөр басылуы, кейін ол жүрекке ешбір игілік жол таба алмайды.

Хадистен алынатын пайдалар:

— Азанды естіген кезде жұма намазына асығу.

— Жұма намазына ерте барудың артықшылығы.

— Жұма намазын тастаудан ескерту, өйткені бұл жүректің жабылуына себеп болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: