Пайғамбарымыздан (ﷺ) зина жасауға рұқсат сұраған жас сахаба

Пайғамбарымыздан (ﷺ) зина жасауға рұқсат сұраған жас сахаба

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Умама әл-Бахили (р.а.) күндердің күнінде Пайғамбарымызға (ﷺ)дінді жаңа қабылдаған бір жігіттің келіп былай айтқандығын келтірген:

«Уа, Алла Елшісі, маған зина жасауға рұқсат берші!». Бұл сөзді естігендер үрейленіп, әлгі жігітке жақындап, оны сөгіп, ұялта бастайды. «Жап аузыңды, жап!» - деп ұрса жөнеледі.

Тек Пайғамбарымыз (ﷺ)ғана әлгі жігітке қинала қарап: «Бері алып келіңдер!» - дейді де оған: «Бері жақында!» - дейді.

Пайғамбарымыз (ﷺ)оған отыруға бұйырады. Жас жігіт отырады да екеуінің арасында мынадай әңгіме өрбиді. Алла Елшісі (ﷺ)одан: «Егер адамдардың біреуі анасымен зина жасаса, сен мұны жақсы қылық деп ойлайсың ба?» - деп сұрайды.

«Алла Тағала мені сіздің жолыңызда құрбан етсін, уа, Алла Елшісі, ешқашан жақсы демеймін», - деп жауап береді жас жігіт.

Пайғамбарымыз (ﷺ) : «Анасымен зина жасағанды басқа адамдар да жақтырмайды. Онда айтшы, сол қызбен басқа біреудің зина жасағанын қалайсың ба?».

«Жоқ, ешқашан!» - деп жауап береді жігіт.

«Ешбір адам оның қызының біреумен зина жасағанын қаламайды. Сенің қарындасыңның осындай ұятты қылыққа барғанын қалар ма едің?», - деп сұрайды Алла Елшісі (ﷺ).

«Жоқ, ешқашан!», - деп жауап береді жігіт.

«Сол сияқты басқалар да қарындастарының мұндай жаман қылыққа барғанын қаламайды. Егер сенің апайың осындай қылыққа барса, сен разы болар ма едің?», - деп сұрағанда Пайғамбар (ﷺ), жігіт: «Жоқ, ешқашан», - деп жауап береді.

«Адамдар олардың апайларының осындай жаман қылыққа барғанын қаламас еді. Сен сондай жағдайда болғың келе ме?», - деп жалғастырады сұрағын Пайғамбарымыз (ﷺ).

Оған жігіт: «Алла Тағала мені сіздің жолыңызда құрбан етсін, ешқашан, уа, Алла Елшісі», - деп жауап қайтарады.

«Бұл қылықты апайларыңның және басқа да жақындарыңның жасағанын қаламайсың, сонда осындай сорақы қылықты өзіңе қалар ма едің?», - деп қайтадан сұрайды Пайғамбарымыз (ﷺ).

Біраздан кейін Пайғамбарымыз (ﷺ)әлгі жігіттің иығына қолын қойып тұрып, келесі дұғаны айтады:

«Уа, Алла! Осы құлыңның күнәларын кешіре гөр! Оның жүрегін жамандықтан тазартып, пәк ете гөр! Оны жексұрындық атаулыдан қорғап, өз пәктігін сақтауға көмектесе гөр!»

Бұл жайтты Әбу Умама (р.а.): «Осы әңгімеден кейін әлгі жігіт пәктігін сақтап, ар-абыройын қорғап, Медине қаласының ең жақсы адамдарының бірі болған», - деп баяндаған.

Ол Жу-Лейбиб есімді 15-16-лардағы жасөспірім жігіт болатын. Ол Алла Елшісіне (ﷺ)алғысын білдірген екен. 

Бойы аласа, реңі келіңкіремеген Жу-Лейбиб көпке дейін үйлене алмай жүреді. Бірақ оны Пайғамбарымыз (ﷺ)жақсы көрген әрі ол Пайғамбарымызды (ﷺ)жақсы көрген.  Жастық албырт сезім жас сахабаны жайына қалдыра қоймайды. Алланың қалауымен, Пайғамбарымыздың (ﷺ)өзі Жу-Лейбибаға қалыңдық іздеуге кіріседі де мединелік бір ансардың қызына құда түсуге барады. Қызына Пайғамбардың (ﷺ)өзі үйленеді екен деп қалған қыздың әкесі қуанып кетеді.

Алайда істің мән-жайын біліп, үйдің иесі ұялып қыздың шешесін шақыртады, бірақ анасы Жу-Лейбиб сияқты қарапайым жігітке қызын бермейтіндігін ескертіп, қызын шақырады. Бірақ қызы жасына қарамастан сондай ақылды болатын, келіп былай сұрайды:

«Мені оған алып берейін деп жүрген кім? Егер Алла Елшісінің (ﷺ)өзі бізді бір-бірімізге хош көріп жүрсе, онда неге сіздер Пайғамбарымыздың ақылына кедергі келтіресіңдер?». Содан кейін сөзін жалғап: «Пайғамбарымыз (ﷺ)мені кімге лайық деп тапса, оны сіздер де қабылдаңыздар».

Қыздың осы сөзі кейін Құраннан орын алған:

«Алла (Т.) және Елшісі, қашан бір іске үкім берсе, Мүмін ер және Мүмін әйел үшін олардың істерінде ерікті болуларына болмайды. Сондай-ақ кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, сонда рас ашық адасқан» (33:36).

Қыздарының сөзінен кейін ғана қызымызға бұдан лайық жұпты көріп тұрмағанын айтып, ата-анасы келіскен екен. 

Олардың некесі қиылған күні көп мұсылмандар қаза болған Бәдіре шайқасы орын алады. Сол көз жұмғандардың ішінде Жу-Лейбиб те болған еді. Сол күні сахабалар Жу-Лейбибтің қандай батыл да ержүрек болғанын түсінеді.  

Ақиқатында, зина жексұрын қылық болып табылады. Егер адам тыйым салғаннан тыйылып, Алладан пана іздейтін болса, Алла оны жақсылыққа жетелейді. Жу-Лейбиб (р.а.) өз үлгісімен сырт бейненің сұлулығы емес, жан сұлулығына, сондай-ақ, материалдық игілікке емес, жан байлығына ұмтылу керектігін көрсетіп кеткен сахабалардың бірі.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: