Қажылық парызы өтелсе де кешірілмейтін күнә

Қажылық парызы өтелсе де кешірілмейтін күнә

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жалпы алғанда, мұсылмандар адам өлтіру, ішімдік ішу немесе зинақорлық сияқты ірі күнәлардан бойларын аулақ ұстайды. Дегенмен, олардың Алла Тағаладан жасырын қалуына негізгі себебі болатын тіл күнәсінің тұзағына түсіп қалып жатады. Болмашы әрі ірі күнәлар мұсылмандарды Алладан жасырып тастайды. Біздің тақуа ата-бабаларымыз Жаратушыға деген құлшылығымыз тек лайықты түрде салауат айту және Рамазанда ораза ұстаумен ғана орындалмайды деп айтқан. Алла Тағалаға деген шынайы құлшылық тілді сақтаудан көрінеді, ал ол үшін мықты күш-жігер керек.

Алланың жаратқан пенделері өсек таратып, адамдардың жасаған қателіктері мен кемшіліктері туралы ерін-еріндеріне жұқпай айтқанда алдарына жан салмай кетеді. Ғалымдардың пікірінше, мұндай әңгімелер – бір қоғамдық ермек сияқты. «Ғайбат – иттің тамағы толы дастархан, тағамның дәмдеуіші азғырушы және алаңдатушы істер», - деп айтқан олар.

Ғайбат және Бұхтан

Ғайбатқа қатысты әр мүміннің нақты көзқарасы болуы үшін, оның ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтейік.

Әбу Хурайра Пайғамбарымыздың (ﷺ)сахабалардан былай сұрағанын келтірген: «Ғайбаттың не екенін білесіңдер ме?» Олар: «Алла және Оның Елшісі жақсы біледі», - деп жауап береді. Ол (ﷺ): «Өз бауырыңа ұнамайтын бір нәрсені айтуың», - дейді. Әлдебіреу: «Ал егер менің айтып отырғаным шындық болса ше?» - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ)былай деп жауап береді: «Егер айтқаның шындық болса – бұл ғайбат, егер өтірік болса, онда жала жапқаның» (Мүслим).

Бұхтан (жала) – бауырыңыз туралы шындыққа жанаспайтын нәрсені айту болса, ал ғайбат – бауырыңыз жоқта оның жанын ауыртатын шындықты айту.

Пайғамбарымыз (ﷺ)осылайша ғайбатқа анықтама берген. Бұл дегеніміз өзіңіз жақсы көрмейтін мұсылман жолдасыңыз туралы ол жоқ жерде оның дене-бітімі, діні, дүние істері, адамгершілігі, ақшасы, балалары, әйелі, киімі, жүрген жүрісі, қабағын түюі немесе күлуі, не болмаса адамға қатысты басқа да нәрселерді айту.

Ғайбат – күнәһарлардың анасы

Ғайбат – күнәнің ең көп тараған түрі, адамдар кездесе қалғанда, үйлену тойының үстінде немесе қайғылы жағдайларда да ғайбат айтып жатады. Тіл адамның абыройын қауғаждаған сайын, негізгі күнәлардың бірі болып табылатын ғайбатқа белшеден бата беретін болады.

Кімде-кім өз тіліне ие бола алса, Алла оны да, оның айналасын да айықтырады. Тілін сақтап, уақытын Алланы еске алумен, Құран оқумен, Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүннеті мен сахабалардың жоғары адамгершілік қасиеттерін білуге жұмсаған адам және оның айналасындағылар да сауығатын болады.

Егер ол адамдарды сөгумен айналысатын болса, онда ол және оның ортасы да сырқатқа душар болады. Бұл жөнінде Омардың (р.а.) былай айтқанынан білеміз: «Алланы еске алу – жанға шипа, ал адамдарды еске алу – бұл сырқат…»

Ғайбат тек тілмен ғана жасалмайды

Ғайбаттың бір ерекшелігі ол тек тілмен ғана емес, басқа да тәсілдермен жасалатындығында. Мысалы үшін, ғайбат ыммен, баспен, көзбен немесе ерінмен де жасалады. Келеке ету мен мимика да ғайбат болып саналады, егер біреу аяғын ақсап басатын адамның жүрісін келтіріп, күлетін болса, онда ол ғайбаттың жаман түрін жасағаны.

Сонымен қатар, адамдарды мазақ етіп суретін салу әрі келеке ету. «Қаламсап – өзге бір тіл» деген нақыл сөз бар. Пайғамбарымыздың (ﷺ) айтқан жақсы бір сөзі бар:  «Ғайбаттан аулақ болыңдар, өйткені ол зинадан да жаман».

Егер мұсылмандар бір денедей жұмыс жасайтын бірыңғай қоғам құрғылары келсе, онда ғайбаттан аулақ болуы тиіс, өйткені ғайбат ағзаның біртұтастығын бұзады. Адамдардың құқығы әділеттілікке негізделсе, ал Алланың құқығы – кешірім беруге негізделген.

Егер сіз біреу туралы ғайбат айтып қойсаңыз, онда сіз әлгі адамға барып, кешірім сұрауыңыз керек, содан кейін ғайбат айтқан адамдардың алдында бұл адамға деген өзіңіздің жаңа қарым-қатынасыңыз жайында айтуыңыз керек. Тек сол кезде ғана кешірімге қол жеткізуге болады.

Алла Тағала сіз тәубеңізге келсеңіз, күнәларыңызды кешіреді, бірақ сіздің басқа адамдардың алдындағы күнәларыңыз тек әлгі адамдар сізді кешіргенде ғана кешіріледі.

Қажылықты өтеген адамның барлық күнәсі кешіріледі деген жаңылыс ұғым бар. Расында, қажылық парызын өтеген адам  бұл өмірге жаңа туған баладай болып келеді. Алайда бұл Жаратушы мен пендесінің арасындағы күнәларға ғана қатысты, бірақ екі адамның арасындағы күнәларға келетін болсақ, сізге ренжіген адам сізді кешірмейінше, тіпті қажылыққа барып келсеңіз де, оның алдындағы күнәларыңыз кешірілмейді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: