ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев өңірге қарасты қала және аудандардың бас имамдарына жеке қабылдау өткізді. Бас имам әр ауданның діни хал-ахуалына қатысты мәселелерді талқылап, жай-күйіне қатысты шешімдер ұсынды.
Қабылдауға аудандарға жауапты кураторлар да қатысып, сол өңірдің игілігі үшін атқарылатын жұмыстарды, имам-молдалардың жағдайы, жамағат ауызбіршілігін тілге тиек етті.
Бас имам әр ауданның бас имамына нақты тапсырмалар жүктеп, қандай мәселе болмасын қолдау көрсететінін жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі