Меркі ауданына қарасты «Жүніс молда» мешітінің имамы Қасымалиев Дастанның ұйымдастыруымен суық күнде жылу сыйлау мақсатында 3 отбасыға қайырымдылық жасалды.
Ауылдағы қарапайым отбасыларға азық-түлік таратылып, қуаныш сыйланды. Көмек алған отбасылар алғыстарын білдіріп, баталарын берді. Алла Тағала өзара мейірімді, бауырмал болуды баршамызға нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


14 Қараша 2025
23 Джумада-авваль 1447

