#Меркі ауданы: «Достық» мешіті дәрісті бастап кетті

#Меркі ауданы: «Достық» мешіті дәрісті бастап кетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты «Достық» мешітінің имамы Халыллаев Тойлыбайдың ұстаздығымен мешіт жамағаты дәрісті бастап кетті.

Дәріс «Құран оқып үйрену», «Исламдағы әдеп», «Исламдағы құлышылық» және «Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын) өмір баяны» тақырыптарында беріліп жатыр.

Айта кетейік, «Достық» мешітінің имамы Халыллаев Тойлыбай ауданға қарасты «Жүніс молда» мешітінде ұстаздық 7 жылдық қызметі барысында бірнеше шәкірттер дайындап, алды Елімізге қарасты діни оқу орындарын бітіріп, ауданға қызмет етіп жатса, арты діни оқуларын жалғастыруда.

Бүгінде, Тойлыбай ұстаз жаңадан тағайындалған қызметінде өзінің сүйікті қызметі ұстаздық қызметіне кірісіп кетті.

Алла Тағала мешіт қызметкерлерінің істеп жатқан амалдарын қабыл етіп, сауаптан жазып, елімізден, жерімізден Құран жаттаған шәкірттердің көптеп шығуын нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: