Еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі 20 мұқтаж отбасыға көмір түсіріп және 30 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетті.
Игі шараға қала бас имамы Ерболат Жүсіпов өзі қатысып, тұрғындарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап шықты. Әрбір отбасыға азық-түлік пен көмір қорын жеткізіп, жылы лебіздерін арнады.