«Уақып» қоры меморандумға қол қойды

«Уақып» қоры меморандумға қол қойды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жұмысын жетілдіру барысында жуырда ҚМДБ «Уақып» мен «КазАэроСпейс» ЖШС арасында Қазақстан аумағындағы зираттарды цифрландыру, жерлеу қызметін заманға сәйкес электронды түрде халыққа ұсыну бойынша ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясыда зираттарды цифрландыру, қызмет көрсету мен тіркеу платформасын жасау жобасына шамамен 1 млрд теңгеден аса көлемде инвестиция жасау жоспарлануда. ҚМДБ «Уақып» қорының тарапынан ұйымдастырушылық, волонтерлық, ақпараттық қолдау көрсетіледі.

Айта кететін жайт, аталмыш жоба бас мүфти Наурызай қажы Тағанұлы харіреттің зираттар мен жерлеу рәсімдерін бірізділікке келтіру бойынша тапсырмасы аясында жүзеге асқалы отыр.

Осы орайда 18 желтоқсаннан 2024 жылғы 25 ақпанға дейінгі кезеңде Шымкент және Түркістан аумағында зираттарды цифрландыру жұмысын жүргізу басталмақ. Жобаның іске асуына «Qamqor-Sharapat» ЖШС мен «Waqyp Invest Басқарушы конманиясы» ЖШС белсенді қатысып, жұмысын үйлестіреді.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: