АҚТӨБЕ: НАИБ МҮФТИ ДІН МАМАНДАРЫНА ДӘРІС ӨТТІ

АҚТӨБЕ: НАИБ МҮФТИ ДІН МАМАНДАРЫНА ДӘРІС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен 2023 жылғы РАНТ мүшелерінің жоспарына сай ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Ақтөбе облысына арнайы іссапармен барды.

Сапар барысында наиб мүфти облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысының имам-ұстаздары мен теологтарының білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған  «Құран тәпсіріне байланысты өзекті мәселелер» атты  семинарға қатысып, дәріс жүргізді. 

РАНТ мүшесі семинарда тәпсір мен тәуил туралы  толық түсіндіріп өтті. Сонымен қатар қоғамдағы діни буквализмге жіті тоқталып, зардабынан арылу жолдарын баяндады. Одан өзге Ершат Оңғар қазіргі қоғамдағы Құран тәпсіріне байланысты орын алған өзекті мәселелерді талдады.

Шара қортындысында ҚМДБ Төрағасының орынбасары қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға толыққанды тұщымды жауап берді. Ал облыстың Бас имамы Ақтөбеге ат арытып келген наиб мүфтиге алғысын білдірді.

Айта кетсек, семинарға 40-ға жуық дін мамандары қатысып, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы мен облыстың бас имамы атынан сертификат табысталды. РАНТ мүшесі іс сапар мен семинардың маңыздылығы туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: