Түркия қаңтар айының басында ғарышқа алғашқы ғарышкерін жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ТАСС республиканың өнеркәсіп және технология министрі Фатих Каджирдің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Ведомство басшысы атап өткендей, түрік ғарышкері Альпер Гезеравжы ХҒС-қа 9 қаңтарда аттанады. Ұшу Түркияның ғылыми-техникалық әлеуетін көрсетуді көздейді.
Ғарышта оннан астам ғылыми тәжірибелер жүргізу жоспарланған.
Жақын арада миссияға қатысушы рейс алдындағы карантиндік режимге ауыстырылады. Жазда Түркия отандық зонды зымыран ғарышқа сәтті ұшырды.
asyldin.kz