#Меркі: Ауыл имамы жолда қалғандарға ыстық тамақ таратты

#Меркі: Ауыл имамы жолда қалғандарға ыстық тамақ таратты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еліміздің бірқатар өңірінде саршұнақ аяз көтеріліп, ақтүтек боран соғып тұр. Осыған байланысты жолдар жабылған. Дегенмен тәуекел етіп сапарға шығып кетіп, жолда қалғандар да бар. Оларды құтқару үшін төтенше жағдай қызметкерлері мен полицейлер, жақын маңдағы ауыл тұрғындары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Меркі ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы «Жарас» мешітінің имамы Көктал Мадияр жолда қалғандарды естіп, ауыл тұрғындарымен ақылдасып, мешіт асханасына тамақ дайындатып, екі көлікпен жолда қалғандарға жеткізіп берді.

Ауыл имамы күре жолдың бойында ыстық тамақтарды өз қолымен салып, жамағаттар жолда қалғандарға үлестірді. Жолаушылар алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. Алла Тағала ауызбіршілігімізден, бірлігімізден айырмасын!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: