#Меркі ауданы: Ауыл имамы жолда қалғандарды қонақ қылды

#Меркі ауданы: Ауыл имамы жолда қалғандарды қонақ қылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Интернационал ауылы «Достық» мешітінің имамы Халыллаев Тойлыбай қатты аязда жолда қалған жолаушыларды тасмалдайтын автобустарда тоңып отырған жолаушыларды байқап, үйіне қонақ қылды.

Жолаушы тасымалдайтын автобутың дизельдік отындары таусылып жолда қалған. Оны естіген ауыл имамы, мешіт жамағаттары мен ауыл тұрғындары дереу іске кірісіп, жолда қалған автобустағы жолаушыларды 5 адамнан бөліп, үйлеріне әкеліп, жылытып, кешкі ас және ыстық шай берген.

Бір күн түнеген жолаушылар ауыл имамы мен оның тұрғындарына үйлеріне қонақ қылып, жылы қарсы алып, оларды қатты аязда аман алып қалғандары үшін алғыстарын білдірді. Алла Тағала жолда қалғандарға амандық беріп, аман-есен отбастарына оралуды нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: