#Меркі: Аудан имамдары мен тұрғындары сауапта жарысуда

#Меркі: Аудан имамдары мен тұрғындары сауапта жарысуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының Меркі ауданында ауа райының қолайсыз болуына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қазір аталған аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар жолдар жабық тұр.

Облыстық маңызы бар автожолдарда көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілген. Жолынан қалғандар сол маңдағы дәмханалар мен мешітке, жылыту бекеттеріне орналастырылды.

Осы орайда, Меркі ауданы тұрғындары мен мешіт қызметкерлері жолда қалған жолаушыларға қаржылай және ыстық тамақ пен шәй дайындап, облыстық маңызы бар автожолдарда тұрып қалған көлік жүргізушілері мен жолаушыларға таратуда.

Осындай қиын жағдайда қалып кеткен жолушылар мен жүргізушілер аудан тұрғындарына алғыстарын білдіруде. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, алыс жолға шықпауларыңызды сұраймыз!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: