Тәуелсіздік жолындағы боздақтарға Құран бағышталды

Тәуелсіздік жолындағы боздақтарға Құран бағышталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Осынау тарихи күнді атап өту күллі қазақстандықтар үшін маңызды. 

Айтулы күнге орай бүгін "Қайрат Рысқұлбеков" саябағына Облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы бастаған Мәслихат төрағасы, Облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев және ардагерлер кеңесінің төрағасы ел ағалар жиналды. 

"16 желтоқсан - Тәуелсіздік" жолында жан тапсырған ардақты ата-бабалардың рухына облыс бас имамы Құран бағыштап, ел амандығы, тәуелсіздіктің баянды болуы, халықтың берекесі үшін дұға жасалды. Тәуелсіздік боздақтары еске алынып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: