#Меркі ауданы: Аудан имамы жолда қалғандарға көмек қолын созды

#Меркі ауданы: Аудан имамы жолда қалғандарға көмек қолын созды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысында ақ түтек бораннан жүре алмай жолда қалған адам өте көп. Олардың ішінде балалар да бар. Қолайсыз ауа райына байланысты аймақта төтенше жағдай жарияланып, арнайы штаб құрылған болатын.

Қар құрсауында қалғандарды жақын маңдағы жылыту бекеттеріне жеткізу жалғасып жатыр. Ақтүтек бораннан Алматы –Ташкент тас жолының Жамбыл облысы аумағында жол жабылды. Әсіресе таулы аумақтарда орналасқан асулардан өте алмаған көліктер жол жиігіне шығып тұрып қалған.

Оқыс оқиғаға байланысты өңірде төтенше жағдай жарияланды. Осы орайда, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы жолда қалған жерлестерімізге қол ұшын созуда. Тас жолда жолаушы тасымалдайтын автобустардың дизель отыны бітіп, жолда қалған 2 автобусқа дизель отынын құйып берді.

Жүргізушілер мен жолаушылар аудан имамының бұл әрекетіне разы болып, алғыстарын білдірді. Алла Тағала барша жолда қалған бауырларымызға амандық беріп, аман-есен отбасыларына оралуын нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: