#Меркі ауданы: Аудан имамы «Достық» мешітініде

#Меркі ауданы: Аудан имамы «Достық» мешітініде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Интернационал ауылы «Достық» мешітінде жұма намазын өткізіп қайтты.

Жұма намазы алдында бас имам «Қоғамға жақсылық пен қайырымдылық жасау – әрбәр мұсылманның міндеті» тақырыбы аясында уағыз жүргізді.

Аудан имамы: «Асыл дініміз әрбір мұсылманға өзіне жүктелген құлшылық амалдарды орындаумен қатар, қоғамға пайда келтіретін, ізгі істер жасауды бұйырады.

Адамдармен қарым-қатынаста мейірімді болу – қоғамдағы адамдардың бір-біріне жақсылық жасауына, қарайырымдылық көрсетуіне себепші болатын негізгі сипат. Асыл дініміз адамдарға мейірімділік таныту арқылы адам баласы Жаратушысының мейіріміне бөленетінін үйретеді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Адамдарға мейірімді бола білмеген кісіге, Алла да мейірімділік танытпайды», – деген (имам Бұхари).

Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттерге негізделеді», - деп, өңірде орын алған жағдайға тоқталып, жолда қалғандарға қарайласуды насихаттады.

Артынша азан шақырылып, жамағатпен жұма намазы оқылды. Намаздан соң Елімізге, Жерімізге дұға жасалды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: