#Меркі ауданы: «Ар-Рахим» мешіті ас берді

#Меркі ауданы: «Ар-Рахим» мешіті ас берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Андас батыр ауылына қарасты «Ар-Рахим» мешітінің ішкі жөндеу жұмыстары аяқталып, халыққа дастархан жайып, ас берді.

Арнайы шақыртумен келген аудан бас имамы Азамат Берікұлы дастархан басында мешітке қарайласып, мешіт қызметінде болу сауабы туралы уағыз-насихат жүргізді. Артынша мешіттің құрылыс жұмыстарына атсалысқан жамағттарға алғысын білдіріп, ауыл имамына ризашылығын білдірді,

Ақ дастархан басында алыс-жақыннан келген ақсақалдар сөз сөйлеп, ауыл имамына және кәсіпкер бауырларымызға алғыстарын білдірді.

Алла Тағала мешіттің жөндеу жұмыстарына атсалысып жатқан барша бауырларымызға разы болып, сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: