#Меркі ауданы: Интернационал ауылында 1000 тал отырғызылды

#Меркі ауданы: Интернационал ауылында 1000 тал отырғызылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Интернационал ауылы «Достық» мешітінің имамы Халыллаев Тойлыбай жаңа қызметіне кірісіп, қоғамдық іс-шараларға белсене араласып кетті. Бүкіл ауыл болып ауылдық саябаққа 1000 тал отырғызды. Ауыл имамы да шетте қалмай, игі іске атсалысты.

Дінімізде тал отырғызу сауапты іс. Пайғамбарымыз с.а.с қиямет қайым болғанын естісеңде, қолыңда тал болса отырғызып кет деген. Оның көлеңкесі мен жемісінен адам не жануар пайда көрсе, сауабы еккен адамға жетеді. Сол себепті дана халқымыз «Бір тал кессең, он тал ек» деген.

Алла Тағала осы игі іске атсалысқан барша ауыл тұрғындарына разы болып, сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: