#Меркі ауданы: Аудан имамы «Ар-Рахим» мешітін зиярат етті

#Меркі ауданы: Аудан имамы «Ар-Рахим» мешітін зиярат етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы жөндеу жұмыстары біткен Андас батыр ауылы «Ар-Рахим» мешітін зиярат етіп қайтты.

Аудан имамын қарсы алған ауыл имамы мешіттің тыныс тіршілігімен таныстырып, мешіттің ішкі бөлмелерінің қабырғалары сүріліп, бөлмелері біріктіріліп, бағаналар қойылып, үлкен намаз оқитын бөлме жасалғанын, қабырғалары заман талабына сай әрленіп, жылы еден орнатылып, жаңа кілем төселгенін, намаз оқитын бөлменің төбесіне кермелі төбе орнатылғанын жеткізді. Болашаққа жоспарларымен бөлісті.

Аудан имамы ауыл имамына бірқатар тапсырмалар беріп, алдағы қызметінде абырой бедел тіледі.

Алла Тағала мешіттің жөндеу жұмыстарына атсалысып жатқан барша бауырларымызға разы болып, сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: