#ҚОРДАЙ: Көше тазалап жүрген апайларға ыстық ықылас көрсетілді

#ҚОРДАЙ: Көше тазалап жүрген апайларға ыстық ықылас көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мынадай күннің суығында бала-шаға нәпақасы үшін, көше тазалап, қар күреу көпшіліктің қолынан келе бермейтін ерлік. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Бала-шағасын адалынан асырауға тырысып жүрген жан Алла жолында күресушімен тең. Ар-ұятын сақтап, адал дүниені іздегендер шейіттермен деңгейлес» деп, адал ризық ізденушіні Алла жолында жүрген адаммен теңейді.

Бүгін де аудандық орталық «Қордай» мешіті ұжымы, осы Алла жолында жүрген аналарымыз бен ағаларымызға ыстық лебіз білдіріп алғысын айтты. Суық күнде жанға жылу болар деген ниетпен ыстық шәйімен, ыстық бәліштер таратты.

Алла Тағала барша еңбекқор аналарымыз бен әкелерімізге күш-қуат бергей!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: