#ҚОРДАЙ: Жастар арасында кіші футболдан турнир болып өтті

#ҚОРДАЙ: Жастар арасында кіші футболдан турнир болып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Қордай ауданының бұқаралық спорттық іс-шара өткізу кешенінде «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» атты жастар арасында кіші футболдан турнир болып өтті.

Салауатты  өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты күшейтіп және дене тәрбиесімен спорт жүйесін дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту, Спорттық ойындарды өткізу арқылы қоғамда, оның ішінде ауылдық жерлерде бұқаралық спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттырып, насихаттау, Ауылдық жерлерде бұқаралық спорт түрлерін дамытудағы ең мықты спортшыларды анықтау үшін ұйымдастырылған спорттық додаға ауданның бас имамы бастаған «Орталық мешіт» командасы да қатысты.

Алғашқы ойында ЦРБ (аудандық орталық емхана) командасын 6:0 есеппен басымдылық көрсеткен «Орталық мешіт» командасы «Әкімшілік» командасымен 2:2 есеппен теңдік көрсетті.

Жартылай финалда өздерінің ойындаға ұйымшылдығы мен мықтылығын көрсеткен «Мұғалімдер» командасынан 8:1 есеппен жеңіліп, үшіншілікке таласқан «Шекара» командасын 3:1 есеппен жеңіп олжалы оралды.

Қызықты өткен турнир үшін ұйымдастырушы Қордай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне алғысымызды білдіреміз!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: