#ҚОРДАЙ: Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп

#ҚОРДАЙ: Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы Кенен ауылында "Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп" тақырыбында дөңгелек стол өтті. Жиынды ауыл имамы Рахимов Саят Қурмангалиұлы жүргізді.

Соңғы жылдары дінге қатысты мәселелер өзінің өзектілігімен аса өткір тақырыптардың біріне айналып, еліміздің қоғамдық өміріндегі күн тәртібінде алдыңғы қатарға шыға бастады. Бұл, бір жағынан, дінге сенушілер қатарының көбеюінен, екінші жағынан, діни экстремизм мен терроризм мәселесінің өсе түсіп отыруынан көрініс табады. Бұл проблемалар өз кезегінде мемлекет пен қоғам алдына нақты шешімін табуды қажет ететін бірқатар кезек күттірмейтін міндеттерді қойып отыр. Бүгінде діни экстремизм мен терроризм әлемдік қоғамдастықты қатты алаңдатып отырған мәсе­леге айналды. Осы ретте, Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауларында мемлекеттік органдармен қатар, бүкіл қазақстандық қоғамның ал­дына еліміздің салт-дәстүрі мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни түсінік қалыптастыру міндетіне басымдық беруі кездей­соқтық емес.

Бүгінгі күнде рухани жаулап алу дінді бетперде ретінде пайдалана отырып теріс идеяларды жас­тар арасында белсенді таратудан көрініс тауып отырғаны жасырын емес. Осы орайда, радикалдық сипаттағы діни ағымдардың идео­логиялары азаматтарды наным-сеніміне қарай жіктеуді, дін жолында жүргендерді басқалардан жоғары қоюды, мемлекеттің зайырлы қағидатын қабылдамауды алдыңғы қатарға қояды. Ал мұн­дай идеологияның әртүрлі дін­дерді ұстанатын көп этностан тұ­ратын Қазақстан қоғамы үшін қаншалықты қауіпті екені және елімізде бүгінгі күнде ради­калдық діни ағымдардан келетін қауіп-қатерлерді халық арасында кеңінен түсіндіру керек екенін айтып өтті.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: