Бүгін Ізгі қоғам бағытына жауапты ұстаз Есет Таласбаевтың ұйытқы болуымен бұқара халыққа және жастарға ақыл-кеңес айтатын ”Аталар мектебінің” Ардагерлер үйінде кезекті жиын өтті.
Шараға Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әмедияқызы, Жамбыл облысы, орталық “Һибатулла Тарази” мешітінің ұстазы Есет Тұрдыбайұлы, Дін істері басқармасының дінтанушысы Бахтияр Алпысбаев және университет студенттері қатысты.
Шара ұйымдастырушылары "Аталар мектебінің" қоғамдағы орнын және атқаратын міндеттерін тілге тиек етіп, өңірлерде арнайы семинар, дөңгелек үстел өткізу арқылы насихат жасау жоспарын пысықтады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі