#БАЙЗАҚ: БАС ИМАМ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

#БАЙЗАҚ: БАС ИМАМ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақпарат айдыны кеңейген сайын интернет пайдаланушылар саны да күннен-күнге артуда. Бұл дін туралы ақпаратты таратушыларды да айналып өтпеді. Қазіргі таңда діни мәліметтерді табу еш қиындық тудырмайды. Қолыңда құрылғың болса, жеткілікті. Бірақ, ол ақпарат қаншалықты сенімді көздерден алынды, оның пайдасы мен залалын қаншалықты ажырата алып жатырмыз деген сұрақ туындайды. Бұл әлеуметтік желіні пайдаланатын әр адамға ақпараттың пайдасы мен залалын таразылау жауапкершілігін жүктейді.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Сарыкемер ауылында орналасқан №8 Байзақ колледжінің студентерімен кездесуге арнайы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы барды.

Кездесуде Жамбыл облысы Байзақ аудандық Ардагерлер кеңесінің әулеметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Серік Балабеков студенттерге: «Таяқтың екі ұшы болады демекші, ақпарат ағыны арасында деструктивті ағымдардың идеяларын насихаттайтын топтардың да бар екендігін ұмытпау керек. Осы ретте діни иммунитетті қалыптастыру өте маңызды.

Бас имам Қанат Әділханұлы: «Көпұлтты және көпконфессиялы еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуде діннің алатын орны қашанда ерекше», - деп, «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» тақырыбында сөз жалғады. Студенттер тарапынан аудан бас имамы Қанат Әділханұлына сұрақтар қойылып, мардымды жауаптарын алды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: