#Байзақ: БАС ИМАМ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

#Байзақ: БАС ИМАМ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Жас ұрпақтың бойына имандылық қасиетін сіңдіру мақсатында Жамбыл облысы Байзақ аудандық ардагерлер кеңесі мен аудандық мешіт бірлескен шарада Байзақ ауданы бас имамы Қанат Әділханұлы Ю.Гагарин орта мектебінің оқушыларымен «Дінің тұрсын дін аман» тақырыбында кездесу өткізді.

 Оқушылармен кездесу шарасына Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің әулеметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Серік Балабеков арнайы қатысып, келелі сөз қозғады.

Ауыл ақсақалы өз сөзінде оқушыларға: «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын елең-алаң уақыт деп алсақ болатын секілді. «Қалай ел боламыз, мемлекетті қай бағытта дамытамыз, экономиканы қайтсек түзетеміз, әлеуметтің әлеуетін қайткенде арттыруға болады?» деген мәселелерге басымыз қатты. Жолын іздедік. Өз даңғылымызды жасағымыз келді, - деді.

Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: Осындай ауқымды істермен әбігер боп жатқанда Қазақстанның ашық-шашық шека­расына түрлі діни көзқарастың дәнегін арқала­ған миссионерлер жетті. Арып-ашып, азып-то­зып жатпаса да, таршылық көрген талай адам миссионерлер берген аз-кем ақшаға дінін айырбастап алып жатты. Кейбірі тура жол сол екен деп имандай сенді. Жетпіс жыл атеистік қоғамда өмір сүріп, «Құдай жоқ», «Дін – апиын» деген ұғымды санасына әбден сіңіріп алған бәзбіреулер Хақтың жолынан адасып, миссионерлердің жетегінде кетті. Қысқасы, Азат­тықтың елең-алаңындағы аласапыранда талай адам сеңдей соғысып әртүрлі діни көзқарасқа иланғаны шындық еді», - деп сөз жалғады.

Кездесу соныңда мектеп оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: