Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспектор-теологі Пирназаров Бауыржанның ұйымдастыруымен аудандық №35 ЖОББМ-нің білімгерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жастарымыздың жат діни ағым жетегіне кетудің ең алғашқы басты себебі - діни білімсіздік екені айтылды. Дінге толық таныммен, біліммен келмей шала сауатпен, эмоционалды сезіммен келіп, өзінің қалай адасқанын аңғармай жататындығын атап өтіп, жастарымызды діни сауатты болуға шақырды.
Пирназаров Бауыржан жастар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптарын берді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі