#БАЙЗАҚ: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

#БАЙЗАҚ: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің әулеметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Серік Балабековтің қатысуымен аудандық «Байзақ баба» мешітінде «Ислам және жастар» тақырыбында семинар өтті.

«Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Дін және жастар» атты іс-шара тақырыбының өзектілігі күмән туғызбайды және ол қоғамда болып жатқан үдерістермен ұштасып жатыр. Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда», - деді Серік Балабеков.

Семинарда екінші болып сөз алған спикер, «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы қатысып: «Жастардың Ислам дінінде алар орындары орасан. «Жас келсе, іске», - дейді халқымыз. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айналасында топтасқан сахабалардың дені жастар екенін ұмытпауымыз керек», - деді.

Семинарға тыңдаушы болып қатысқан жастар жамағаты лекторларға өз сұрақтарын қойып отырды. Жиын қысқа болғанымен берері мол деп айтуға болады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: