#БАЙЗАҚ: ИМАМДАР МЕН МЕШІТ ЖАСТАРЫ ҚАН ТАПСЫРДЫ

#БАЙЗАҚ: ИМАМДАР МЕН МЕШІТ ЖАСТАРЫ ҚАН ТАПСЫРДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Мейірімділік әлемді құтқарады» деген сөздің астарында терең ой жатыр. Кейде ізгі ниеттен бастау алған кішігірім амалдар үлкен мүмкіндіктерге жол ашып жатады. Донорлар да дәл солай қаншама жанның үміт отын жағып, қатарға қосылуына қол ұшын созып жатады. Осы орайда бүгін Жамбыл облысы Байзақ аудандық "Байзақ баба" мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы, Тараз қаласы мен ауыл имамдары және мешітке келуші жастар қан тапсырды. Имандылық жолында сауапты іспен айналысып жүрген дін қызметкерлерінің бұл бастамасы Тараз қаласындағы Қан орталығының ұжымын қуантты. Орталық басшылығы ерікті түрде ерлікпен жақсы амал жасап, парасаттылық пен қайырымдылықтың жарқын үлгісін көрсеткен азаматтарға зор алғыстарын білдірді.

Өзімен бірге 10-нан аса еріктіні ерте келген Қанат Әділханұлы: «Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары! Біз Тараз қаласы мен Байзақ ауданының имамдары мен мешітке келуші жастар болып, бүгін аптаның бірінші күні донор болуға келдік. Ниетіміз бір Алланың разылығы үшін, бір науқастың болса да, қажетін өтеу. Осындай иігіліктен сіздер де құр қалмаңыздар, ағай», - деп, Қан орталығының Инстаграм парақшасына сұқбат берді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: