Қордай ауданы, Аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар арасында "Тәж кию салтанаты" өтті. Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізілді.
Кештің екінші бөлігінде «Кітап оқудан жарысқа» марапаттау өтті. Бір ай ішінде Пайғамбарлар тарихы кітабын оқып, тесттен өткен шәкірттерге сыйлық берілді. Олар: 1)Айнара Дәрменқызы, 2)Кәусар Ержанқызы, 3)Аяна Бекболат, 4)Меруерт Баянғазықызы. Жалпы кешке қатысқан әйел қыздар жамағатына қітап оқудың пайдасы, үздіксіз қызығып оқу үшін қандай амалдар жасалу жолдары түсіндірілді. Кешті асханада, дастархан басында бас қосумен жалғастырды. Үлкендер жастарға насихат айтып, бата берді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі