#Меркі ауданы: Дін мен дәстүр уағыздалды

#Меркі ауданы: Дін мен дәстүр уағыздалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақтың қанына сіңіп, ықылым заманнан адамзат өмірінің ажырамас қасиетіне айналған салт-дәстүр - ұлттың рухани байлығы, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын әлеуметтік және мәдени мұрасы.

Меркі ауданы, Интернационал ауылы «Достық» мешітінің имамы Халыллаев Тойлыбай мешітке жиналған жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз айтты.

Ауыл имамы: «Әрбір өркениеттің, әрбір ұлттың өзіндік дүниетанымы бар. Түрлі халықтардың тарихын зерттеген ғалымдар жер бетінде ешқашан дінсіз, наным-сенімсіз ел болмағандығына анық көз жеткізді. Адамзат түрлі халықтардан, ұлт пен ұлыстан тұрады. Әрқайсысының өзіне тән ұлттық ерекшеліктері, тілі мен дәстүрі, діни нанымдары бар. Мұндай алуан түрлілік Алла Тағаланың хикметі. Жаратқан Алла былай дейді: «Әй, адам баласы! Шүбәсыз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам мен Хауадан) жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың. Шәксіз, Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы». Біздің де өзіміздің ұлттық салт-дәстүріміз бар. Сол қалыптасқан дәстүріміздің ішінде озығы да бар, тозығы да бар. Біз озығын, дін Исламға кері келмегенін алып, салт-дәстүрімізді құрметтеуіміз керек. Жас ұрпақтың санасына білім нәрімен бірге ұлттық құндылық - дәстүрді құрметтеу арқылы имандылықтың дәнегін егеміз. Белгілі бір ұлттың адамзат өркениетінің ортақ өрісіне шығып, дамып жетілуі де, құлдырап төмен кетуі де осы ұлт дәстүрінің сақталуы мен бұзылуына байланысты. Дәстүр бұзылған жерде халықтың халықтығы бұзылады. Ал бұған керісінше, қалыптасқан дәстүрі бұзылмаған елдер халықтық қалпына селкеу түсірмей, өзіндік өмір сүру заңдылықтарын сақтай отырып, ел көшін заман талабына сай жетілдіре дамытып, алға ілгерілей береді. Мұндай елдің іргесі берік, мәртебесі биік болмақ!», - деп, сөзін аяқтады.

Кездесу соңында жамағат көкейлерінде жүрген салт-дәстүрлерімізге қатысты сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.

Алла Тағала елімізге, жері­міз­ге берекетін жаудырып, қазақ топы­рағын түрлі апаттар мен бүлік­тен сақтағай! Тәуел­сізді­гі­міз­дің тұғыры биік, Еліміздің егемендігі баянды болғай! Әумин!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: