#Қордай: Аудан бас имамы «Бетқайнар» мешітінде жұма уағызын жүргізді

#Қордай: Аудан бас имамы «Бетқайнар» мешітінде жұма уағызын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы «Бетқайнар» мешітінде аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Егизбаев Алмұханбет жұма уағызын жүргізді. Жұма намазына жиналған ауыл жамағатына ауданымыздың бас имамы «Кішіпейілділік – діннің негізі» тақырыбында келелі уағыз насихат айтты. Кішіпейілділік өзге адамдарды сыйлаудан, олармен қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылықтан, өзінің қызметін дабырлатып мараттаудан көрінетіндігін тілге тиек етіп айтып өтті.

 Алла Тағала қасиетті Құранның «Фұрқан» сүресі, 63-аятында:«Рахманның құлдары жер бетінде кішіпейілдікпен жүреді», – деп айтқан. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында Алла Тағала: «Кішіпейіл болыңдар. Тіпті, ешбіреуің екінші біреуге мақтанбасын әрі ешкім ешкімге жәбір көрсетпесін», – деп маған уахи етті», – деген (имам Мүслим).

Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: