#Қордай: Мектеп және колледж шәкірттерімен кездесу өтті

#Қордай: Мектеп және колледж шәкірттерімен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы «Бетқайнар» мешітінің молдасы Нурлан Нурмаханович мектеп және колледж шәкірттерімен кездесу жүргізді. Бұл кездесудің мақсаты «Жасөспірімдердің өзіне – өзі қол жмсаудың алдын алу шаралары» болатын. Мешіт молдасы Нурлан Нурмаханович «қол жұмсау» бұл адамның өзінің «ішкі болмысына» жасалған қатігездігі, яғни жауыздығы екенін айтты. Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығы. Сондай – ақ өз – өзіне қол жұмсау күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін.

Қасиетті Құранда: «Біз адам баласын ардақтадық», «оларды басқа жаратқандарымыздан әлдеқайда артық жараттық» («Исра» сүресі, 70-аят) - делінген анық аят бар. Сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис-шарифтерінде өзін-өзі өлтірген адамның ақыреттегі азабы жайлы хабар берілген. Солардың бірінде былай делінеді: «Кімде-кім өзін-өзі қандай да бір темірмен өлтірсе, жәһаннамда қолына темір алып мәңгі-бақи өзін-өзі түйреумен болады. Ал, кімде-кім у ішіп өлсе,  жһаннам отында мәнгі  у ішумен қалады. Ал, кім өзін таудан тастап өлтірсе, жәһаннамда да өзін мәңгі отқа лақтырып тұрады».

Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: