#Меркі ауданы: Мешіт жамағаты мешітке сыйлық жасады

#Меркі ауданы: Мешіт жамағаты мешітке сыйлық жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Андас батыр ауылы «Андас батыр» мешітінің жамағаты мешітке аспалы шам орнатып берді.

«Андас батыр» мешітінің төбесі жақында кермелі төбеге ауыстырылып, шамдарын орнату ғана қалып еді. Мешіт жамағаты бірден іске кірісіп, ортадан қаржы жинап, мешітке аспалы шам орнатып берді. Бүгінде мешіт жарқырап, нұр төгіп жамағатқа қызмет көрсетуде.

Ауыл имамы жамағатқа ризашылығын білдіріп, батасын берді. Алла Тағала мешітке қарайласып жүрген бауырларымыздың ниетін, амалын қабыл етіп, сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: