#Рысқұлов: Жиһад ұғымы түсіндірілді

#Рысқұлов: Жиһад ұғымы түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылы «Қалқабай ата» мешітінің имамы Таукеев Талғат ауылдық кітапханада діндегі «Жиһад» ұғымын түсіндірді. Кездесуге кітапхана қызметшілері мен мектеп оқушылары қатысып, жиһад ұғымының мән-мағынасын дұрыс түсінді.

Талғат имам сөзінің соңында: «Қазіргі таңда өзге мұсылман елдері арасында болып жатқан қақтығысқа теріс пиғылды радикалды ағымдар исламдағы жиһад сөзін пайдаланып, қол астындағыларын сол жерге соғысқа аттандыруда. Негізі бір елдің ішкі шаруысына араласуға ешкімнің құқы жоқ. Олардың өздерінің пәтуа беретін ресми діни басқармасы және мүфтилері бар.

Мұсылмандардың арасында болып жатқан қақтығысқа от салмай татуластыру тиіс.  Өйткені мұсылмандар бір-біріне зиян бермеу керек. Ол жайлы Пайғамбарымыздың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) көптеген хадистері бар. Соның бірі: «Мұсылманды сөгу – пасықтық, ал оны өлтіру – күпірлік» деген. Және де: «Мұсылман мұсылман бауырына қару көтерсе, онда ол екеуі де тозақ отында», - деген. Сонда жанындағылары: «О, Алланың Елшісі! Өлгеннің кінәсі неде?» - дегенде, ол (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын): «Ол оны да өлтіргісі келген еді», - деді. Осыған орай жиһад елді басқарып отырған басшының рұқсаты және дін істерін басқарып отырған діни басшылар мен ғалымдардың пәтуаларымен іске асады, - деп нүктесін қойды.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: