Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы «Зират пен зиярат» құжатын насихаттады. Кездесуге ауданға жақын 7 мешіттің имам-молдалары қатысты. Кездесуде құжатқа сәйкес мұсылман зиратының қағидалары мен талаптары баяндалды.
Сонымен қатар, ауданның бас имамы зиярат жасаудың хикметіне тоқталды. Олар: Тал бесікке түскен адам, жер бесікке де түседі. Дүние есігін ашқан әрбір жанның дәмтұзы таусылғанда пәни дүниеден, бақи дүниеге аттанары хақ. Зират осы бір ақиқатты, яғни бұл пәни дүниенің өткінші екенін сезіндіретін ғибрат мекені. Қабірге зиярат жасаған адам өзінің ет-жақын туыстарының рухына, қорымдағы белгілі немесе белгісіз барша мұсылмандардың әруақтарына Құран оқып, дұға жасайды. Олардың ахуалынан ғибрат алады. Халық дүниетанымында ата-баба есімін қастерлеу, әруақты сыйлау, олардың ғибратты ғұмырына құрмет көрсету сынды игі дәстүрлер жаңғырады.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі