Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітінің имамы Талғат Таукеев пен Қорағаты ауылының имамы Нұрдәулет Байқожаевтың ұйымдастыруымен «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» тақырыбымен қайырымдылық акциясын жасады.
Ауылдың белсенді жастары имамдарды қолдап, демеп бірауыздан қайырымдылыққа араласып, өз үлестерін қосты. Жалпы екі ауылда 10 тұрмысы төмен отбасыға азық-түлікпен және қой етімен жәрдем берілді. Осы сауапты іс-шараға атсалысқан мешіт қызметкерлері мен жаны жомарт белсенді жастарға Алланың берекеті болсын.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі