Бүгін "Төле би" мешіті жамағатының ұйытқы болуымен жағдайы төмен, асыраушысы жоқ отбасыларға арналған қайырымдылық науқаны жасалды. Шара аясында 6 баланың жанұясына күнделікті тұтынатын қажетті заттар: 1 қап ұн, 1 қап пияз, 1 қап картоп, макарон, 5л сұйық май сынды, т.б заттар жеткізілді.
Аталмыш отбасын зиярат етіп арнайы барған Талғат Кәрібайұлы жылы лебізін білдіріп, балаларға тәтті кәмпит, шоколад, печенье, сүт, айран тарту етті.
Сонымен қатар имам жұма күні 3 тонна көмір түсіріп беретінін жеткізді. Осы шараға дән риза болған ана көзіне жас алып, рақметін жаудырды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі