#Рысқұлов: Ауданның бас имамы балдырғанның тұсауын кесті

#Рысқұлов: Ауданның бас имамы балдырғанның тұсауын кесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы Құлан ауылында кішкентай баланың тұсауын кесіп, батасын берді.

Қазақ халқының ерте замандардан жетіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, таным-наным, ырым-тыйымдары өзара тығыз байланыста көркем өрнек тауып өріліп жатады. Олардың қай-қайсысы болсын философиялық ойдың, тамыры тереңде жатқан мән-мағынаның заманалар көшінде жинақталған халық тәжірибесінің екшелген негізгі түйіні, мәйегі мен нәрі деуімізге болады. Сондай ұлағаты мол, бала өміріне арналған салттың бірі - тұсаукесер деп аталады.

Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: