Ертеректе ғұламалардан бірі, медреседе дәріс беретін ұстазға шәкірттерін нұсқап: «Бұларға не үйретіп жатырсың?» деп сұрайды. Сонда ұстаз: «Сарф, фиқһ, хадис» деп бірталай ғылымды тізбектей жөнелтіпті. Сонда әлгі ғалым басын шайқап: «Жо-оқ! Бұларға бәрінен бұрын «білмеймін» деуді үйрет» деген екен.
Өкінішке орай, қоғамда кейбір азаматтарымыз дін маманы болмасада оңды-солды пәтуа беруі белең алып бара жатқан секілді. Бұл исламның ешбір ғылымына сай келмейді. Керісінше дұрыс емес пәтуа беру арқылы көптеген адамдардың өмірін ойран ету зұлымдығы ғана тұр. Жалпы пәтуа – дінді заманауи қоғаммен жалғайтын дәнекер секілді. Жаңылыс пәтуалар қоғамның, білім ғылымның алға жылжуына көптеген кедергілер келтіреді, тіпті, қауіпті. Қауіпті дейтініміз сырттан келген талай теріс пәтуалар кейбір жастарымызды лаңкестік ұйымдарға қосылуына себеп болды. Сондықтан біздің үмметіміздің имамдары, адам пәтуа беру құқығына ие болуы үшін, оған өте қатаң талаптар қойғанын естен шығармауы қажет.
Осыған орай Жамбылдық имамдар пәтуә беру кімге тесілі, пәтуә берушінің білімі турасында насихат айтып, ҚМДБ шығарған пәтуәларды жамағатқа жеткізді.
Орыс тілді жамағатқа "Әулие ата" мешітінің наиб имамы Сухроб Миркасымов апта сайын арнайы дәріс жүргізуде.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі